Вы здесь

Жаңа телевизиялық жоба көрермен жүрегіне жол тартпақ

Просмотров: 2197Комментариев: 0

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан -2050» Стратегиясын қолдау қоғамдық қоры жуырда көрермен назарына жаңа телевизиялық жоба ұсынбақ. «Право Руля»  жобасы көлік саласындағы әлеуметтік маңызы бар сұрақтарды шешуге негізделген бірегей жоба. Елімізде көптеген автокөлік иелерін жол құрылысының сапасы, жол ережелерін бұзу, тәртіп сақшыларымен туындаған қарама-қайшы сұрақтар, авто әлемінде орын алған жаңалықтар  толғандырады. Отандық  телекөрермендер көбіне ресейлік жобаларды көруге мәжбүр. Осы орайда Қор қоғам сұранысына ие болған өзекжарды тақырыптарды көтеріп, осы саладағы ақпараттық тапшылықтың орнын толтыраруға белсене атсалыспақ . Тележобаға қарапайым көлік жүргізушілерімен қоса, жол полициясы қызметкелері, сарапшы заңгерлер, шоу-бизнес әлемінің өкілдері мен саясаткерлер қатысады. Қор аталмыш жобаға қызығушылық танытып, ақпараттық және демеушілік қолдау көрсетуге ниет білдірген серіктестерді бірлесіп қызмет атқаруға шақырады.

Добавить комментарий