You are here

Жобаларды қолдау

Қор әлеуметтік маңызы бар жобаларға атсалысып, қол ұшын созуды - азаматтық парызым  деп есептейтін кез-келген жанды, біздің жобаларды қолдап, демеушілік көрсетуге шақырады.

 

Қадірлі достар!

Қордың қолға алған жобаларына қызығушылық танытып, ізгі ниет білдіргендеріңіз үшін алғысымыз шексіз! Қордың кез-келген жобасы ең алдымен қоғам игілігі үшін бастау алып, әлеуметтік маңызы зор түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған.

Көңіліңіз қалаған кез-келген жобаға қолдау көрсетіп, демеушілік танытуыңызға әбден болады. Көмек түрі қаржылық, ақпараттық немесе моральдық тұрғыда болса да, игі бастамалардан оң нәтиже шығару жолында, Қорымыз әрдайым қызу серіктестікке даяр.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген халық даналығын арқау етіп, бастаған жобаларымыз жан-жақты қолдау табарына зор сенім артамыз! Демеушіліктен түскен қаражат әлеуметтік жобаларды дамытып, қоғам игілігіне бағытталады. Жұмсалған қаражат жайлы есеп беру ақпараты  әрдайым сайт беттерінде жарияланады.

Барлық жобаларды қарау