You are here

Серіктестік

«Қазақстан Республикасы Президентінің  «Қазақстан -2050» бағдарламасын қолдау» қоғамдық  қоры қызметінің басым бағыттарнының бірі –  әлеуметтік серіктестікті дамыту, әрі түрлі ұйымдармен қызу-қарым-қатынас орнату. Қор үкіметтік емес ұйым  дегенмен,  қызмет ету бағыты бойынша  мемлекеттік органдармен де жұмыс жасайды. Соның ішінде Қор құрылған күнінен бастап бас серіктестері ретінде «Нұр Отан» партиясы филиалдары және  Алматы қаласының әкімшілігімен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Осы өзара әрекеттестік  арқылы бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобалар бастау алып  келеді.  Сонымен қатар, Қор  коммерциялық ұйымдар мен мекемелер тарапынан да қолдау тауып, қомақты жобаларды іске асарып келеді. Қор алдағы уақытта  коммерциялық бағыттағы жобаларды  жасауды жоспарлап отыр және   қызметіне қолдау көрсетіп, бірлескен әлеуметтік  және коммерциялық жобаларды іске асыруға ниет білдірген серіктестерге әрдайым ашық. Екі жақты қарым-қатынасты дамытуда Қор құқықтық тұрғыдағы ұстанымда қызмет етеді. Құрылғанынан бері Қор тек отандық серіктестермен ғана емес, сонымен қатар шетелдік әріптестермен де тығыз байланыста қызметтесіп келеді. Жан-жақты қарым-қатынастың арқасында бірқатар екіжақты келіссөздер мен меморандумдарға, басқа да құжаттарға қол қойылып, алға қойылған мақсаттар  үндестікпен жүзеге асырылып келеді. Қор Елбасының атап айтқан мемелекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту жоспары аясында әрқашан ынтымақтасып қызмет етуге даяр.