You are here

Қор жайлы

Қор  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2010 жылғы 28 қантардағы жолдауы аясында «Қазақстан Республикасы Президентінің  «Қазақстан -2030» бағдарламасын қолдау қоғамдық қоры болып құрылды және қоғамды жұмылдыру жөніндегі 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында анықталған стратегиялық мақсаттарға жету үшін алдағы онжылдықтың міндеттерін, атап айтқанда тәуелсіз, гүлденген, саяси тұрақты Қазақстанды құру міндетін түсіндіру және жүзеге асыру жөніндегі мәселелерді шешуге бағытталған. 2014 жылдың ақпан айында Қор атауы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан -2050» бағдарламасын қолдау қоғамдық қоры болып өзгертілді.

Қордың басты мақсаты – әлеуметтік маңызды бағдарламаларды шешу: десаулық сақтау – ана мен баланың денсаулығын нығайту, білім беру саласындағы жағдайларды жақсарту және халықтың әл-ауқатына байланысты басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша іс-шараларды жүргізу болып табылады. Мемлекеттік саясаттың басты құндылығы – адам капиталы болып табылады, сондықтан Қор өз қызметінің басым бөлігін әлеуметтік бағдар деп есептейді.
 

Қор қызметінің мәні:

  • - Қазақстан Республикасында Ұлттық қауіпсіздікті және тұрақтылықты бекіту және халықаралық қызметті дамытуды ұйымдастыруға бағытталған шараларға көмектесу;
     
  • - Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын көтеру, ұлтаралық келісімді нығайтуды, қазақстандық ұлтаралық бірлікті бекітуді ұйымдастыруға бағытталған шараларға көмектесу;
     
  • - Экономикалық өсуге, сыртқы сауданы бекіту, банк, қамсыздандыру секторы және жинақтаушы зейнетақы жүйесі, инвестицияны таратуға ықпал етуін ұйымдастыруға бағытталған шараларға көмектесу;
     
  • - қазақстандықтардың денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын, осы заманғы білім жүйесін дамыту, кадрларды даярлау мен қайта даярлауды және озық технологияларды игеруді дамыту, қазақтандық студенттерді шетелде оқытуды көтеруді ұйымдастыруға бағытталған шараларға көмектесу;
     
  • - Энергетикалық ресурстарды, әлемдік рыноктарға жеткізудің тұрлаулы арнауларды әртараптандыруға және қамтамасыздандыруға шоғырландыруын дамытуын ұйымдастыруға бағытталған шараларға көмектесу;
     
  • - Инфрақұрылымды, ұлттық теңіз-сауда флотын дамыту, теңіз порттары мен ішкі кеме жүру жлдарының дамытуын ұйымдастыруға бағытталған шараларға көмектесу;
     
  • - Кәсіби үкіметті қалыптастыру, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруын ұйымдастыруға бағытталған шараларға көмектесу;
     
  • - Жоғары даму әлеуметінің басты бір нышаны жаңа елода-Астананы көтеруін ұйымдастыруға бағытталған шараларға көмектесу.


Құрылған сәтінен бері, қор бірқатар әлеуметтік іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асырып үлгерді:

  1. 1. «Балалар қиялындағы Қазақстан» атты республикалық  шығармашылық байқау өткізіліп, ҚР Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың мерейтойына орай суреттер жинағы жарық көрді.
     
  2. 2. Жеңістің 65-жылдығын мерекелеу аясында ҰОС- ның бірнеше ардагері Қор қаражаты есебінен демалып, ем қабылдауға Алатау шипажайына жіберілді.
     
  3. 3. №2 Копсалалы балалар ауруханасының құрылысы барысында жансақтау бөліміне көмек көрсетілді.
     
  4. 4. Алматы қаласы мен Алматы облысында бірнеше балалар алаңқайлары салынды.
     
  5. 5. «Нұр Отан» партиясының  Әуезов аудандық бөлімшесінің жұмыс кеңсесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
     
  6. 6. Қазақстан Республикасына инвестиция көздерін жұмылдыру арқылы Қор инновациалық жобаларды іске асыруда  белсенді үлес қосып келеді. Бұл жобалардың бірі «Қазмолибден» қазақстан –ресей –жапон бірлескен кәсіпорны болып табылады.
  7. 7. Қазіргі таңда Алатау ауданына қарасты Қарасу ықшам ауданында көпбейінді балалар емханасының құрлстық-жобалау жұмыстары жүргізілуде.
     

Қоғамдық қордың Қазақстан бойынша филиалдарын ашу да жоспарда бар. 2012  жылы Астанада Қордың солтүстік өңір бойынша өкілдігі ашылды. Алдағы жылдары Талдықорған, Петропавловск, Атырау сияқты Қазақстанның ірі қалаларында өкілдіктер ашуды жоспарлап отырмыз.

Қор өз қаражаты есебінен, сонымен қатар коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің қайырымдылық жәрдемдері есебінен қаржыландырылады. Алдағы уақытта қор коммерциялық жобалар жасауды жоспарлап отыр, солардан түскен пайданың бір бөлігінен бұдан әрі қаржыландыру жүзеге асырылатын болады. 

толық көрсету

қысқаша көрсету