You are here

Алматыға ресми іс-сапарымен Парламент Мәжілісінің Депутаты Гүлжан Қарағұсова келеді

Қаралу саны: 301Пікірлер: 0

Парламент Мәжілісінің Депутаты,  ҚР Қаржы және бюджет комитетінің Төрайымы Гүлжан Қарағұсованың Алматыдағы ресми іс-сапары ақпан айының 7 мен 11 –і аралығында  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына  жолдауын талқылау мақсатында өтпек. Бұл іс-шараның ұйымдастыруышысы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан -2050» Стратегиясын қолдау қоғамдық қоры. Іс-сапар аясында Мәжіліс Депутаты Гүлжан Қарағұсова ханым Алматы қаласының бірқатар жоғарғы оқу орындарының оқытушыларымен және студентермен жүздеседі. Елбасының ел халқына арналған Жолдауы дүйім жұртқа, әсіресе  ғылым мен білім саласының өкілдеріне  ерекше жігер беріп, елдің түкпір-түкпірінде жан-жақты қызу талқыға салынғаны сөзсіз. Биылғы Жолдаудың ерекшелігі мен маңыздылығын сөз етіп, өз пікірлерін білдірушілер қатарында: Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті,  Тұран және Абай атындағы Алматы мемлекеттік Университеттері  бар.

Кездесу барысында белді аға оқытушылар мен ғылым қайраткерлері және студент жастар  өз пікірлерін ортаға салып Мәжіліс Депутатымен бөліспек. Сонымен қатар кездесуге әр түрлі  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатспақ. Аталмыш іс-шара жайлы толық ақпарат қоғамдық қордың ресми сайтында берілмек.

Жаңа пікірді жазу