You are here

Қор қызметкерлері

Әлімов Сәрсенбай Тілешұлы

«Қазақстан Ресупбликасы Президентінің «Қазақстан -2050» Стратегиясын қолдау қоғамдық қоры Президентінің бірінші орынбасары.

Отбасылы, төрт бала тәрбилеп отыр.

Үш жоғары білімі бар, халықаралық экономикалық қатынастар және құқықтану саласының білгір маманы.

Экономика ғылымдарының кандидаты, 9 ғылыми жұмыстың авторы.

Әр жылдары түрлі мекемелерде қызмет атқарып, басқару саласы бойынша біліктілігін жетілдірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Қараспан ЖШС коммерциялық директорынан бастаған.

1998-1999 жж. «Алма Ойл» ЖШС-ң Атырау қаласындағы өкілдігінің директоры

1999 ж. Атырау облыстық энергетикалық кеден бекетінің бастығы.

2000 ж. «Қазақойл» ҰК ЖАҚ  «Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау» департаментінің маманы.

2000-2003 жж. «Ақтөбемұнайгаз» ААҚ бас директордың орынбасары

2003 -2005 жж. «Қазақстан коммуналдық жүйелері» АҚ комммерциялық директоры

2005 -2007 жж. «Қарағанды жылу» ЖШС атқарушы директоры

2007 -2011 жж. «ННК-10».  ЖШС Президенті

2011-2012 жж.    «Рhoenix». ЖШС бас директоры

 2012 ж.  «DUAL-SP».  ЖШС бас директоры

2014 жылдан  «Қазақстан Ресупбликасы Президентінің «Қазақстан -2050» Стратегиясын қолдау» қоғамдық қоры Президентінің бірінші орынбасары


Эльмира Абдыхан

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан -2050» Стратегиясын қолдау қоғамдық қорының баспасөз хатшысы

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының түлегі

Авторлық телерадиотаралым режиссурары мамандығын бойынша білім алған.

Еңбек жолын студенттік кезінен Алматы қаласының Орталық Мемлекеттік Мұрағатында «Аудиовизуалды және фотоқұжаттарды жинақтау мен пайдалану» бөлімінен бастап, кино фотодокументалистиканың қыр-сырын меңгерген. Алматы қаласының өнер және мәдениет қайраткерлерімен бірлескен түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға қатысып, белгілі тұлғалардың жеке қор жинағын түзуге атсалысқан . «Менің Алматым» атты фотожинақтың және мұрағаттың 25жылдығына орай жарық көрген «Алматы қаласының Орталық Мемлекеттік Мұрағаты» ғылыми буклетін құрастырушы.

Түрлі жылдары «31 арна», «Таң», «Рахат» телеарналарында тілші қызметін атқарған.

«КТК» телеарнасында қылмыстық және төтенше оқиғалар күнделігінде қызмет істеп,  түрлі өзекті бейнесюжеттердің авторы болған. ІІБ және Қылмыстық Істер комитетімен тығыз байланыста жұмыс жасап үлкен тәжірибе жинақтаған.

Кейін «Соғыс ардагелері мен тыл еңбеккерлерін» қолдау қоғамдық қорының баспасөз қызметінің үйлестірушісі ретінде еңбек етіп, Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің қатысуымен өткен түрлі іс-шараларға атсалысқан.