You are here

Әлеуметтік сала

 

2012 жылғы өзінің ел халқына Жолдауында Президент құжатттың шешуші тақырыбын былай деп анықтады: «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты». Халықтың әл-ауқатын артттыру мақсатында біздің алдымызға экономиканы нығайту жөнінде жаңа міндеттер қойылып отыр. Президенттің ел халқына Жолдауында белгілеп берген бірінші бағыты қазақстандықтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету. Қор осы міндеттерді шешуден тыс қалған жоқ. Қорды дамытумен қатар, біз коммерциялық құрылымдар да құрамыз, олар бірқауым біздің азаматттарымызды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қорға ҚР Президентінің «Қазақстан -2030» және «Қазақстан -2050» бағдарламаларын қолдау, бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайту жөніндегі жоспарларын іс жүзіне асыру үшін қаражат табуға мүмкіндік береді. Құрылған коммерциялық компаниялар, өз кезегінде, басқаларын құрады. Бұл қадам жұмыс орындарын ұлғайтуға мүмкіндік береді, осының нәтижесінде ҚР бюджетіне салықтар түсімі де ұлғаяды. Қор Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына белсене қатысады.