You are here

Көпсалалы балалар емханасы

«Бала – бауыр етің». Қай кезеңде болмасын бала денсаулығы әрдайым ұлтқа, нәсілге, мәдениетке бөлінбей-ақ,  кез-келгенімізді алаңдатып, тебірентетіні сөзсіз. Қашанда «перзентімнің табанына кірген тікен, менің маңдайыма кірсін» деп сәбиіміз   науқастанғанда тұла бойымыз елжіжеремей тұрмайды. Ауру зардабынан ұсқынсыз болып, мүгедектіктің шынжырына таңылса да,  бала – ең алдымен адам, яғни қоғамның толыққанды мүшесі болып қала бермек. Бейресми дереккөздерге  сүйенсек, елімізде күннен күнге науқас балалардың саны артып, көптеген ауру түрлері күрт жасарып белең алып барады. Өкініштісі сол - ауыр дертке шалдыққан, немесе туа біткен науқас нәрестелердің тек төрттен бірі ғана мемлекет қамқорлығына алынып, тиісті емін қабылау мүмкіндігіне ие. Бұл еліміздегі  балалар денсаулығын қорғау мекемелерінің жетіспеушілігінен туындап отырған орасан зор мәселе. Көп жағдайда  ауру зардабына шалдыққан балалар қаржы тапшылығыың  қолбайлау болатындығынан шетел асып ем қабылау мүмкіндігіне ие бола алмай, сырқатын асқындырып, көптеген ауыртпалықтарды тартып, қауіпті аурудан көз жұмып жатады.  

Осы тұрғыда балалар денсаулығын қорғау мақсатында Қорымыз әлеуметтік маңызы зор жобалардың бірі – көпсалалы балалар емханасын салуды жоспарлап отыр. Бұл жоба Алматы қаласы бойынша балалар емханасының тапшылығын жою мақсатында қолға алынған ірі бастама.

Аранайы балалар емханасының 60 % -ы мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналса, 40 %-ы ауыр науқасты нәрестелерді емдеуге бағытталған. Бұл жоба  медициналық техниканың  соңғы үлгілерімен жабдықталған, Еуропа елдерінің озық технологиясына сәйкес қызмет көрсететін көпсалалы емдеу мекемесіне айналмақ. Сонымен қатар емханаға  балалар науқасының алдын алу және емдеу бойынша  медицина саласындағы еліміздің ең білікті мамандары жұмылдырылмақ. Емханада  тәулігіне 500 балаға дейін  қабылау жоспарланып отыр. Жобаның құрылыс жұмыстары 2014 жылы басталмақ.