You are here

Білім беру

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген халық даналығы бар. Елбасы Н. Ә. Назарбаев халыққа жолдауында балаларға ең үздік білім беру туралы әрдайым баса айтып отырады.

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Қор  балаларға арналған мәдени-көпшілік, жан-жақты дамыту іс-шараларын  өткізуді дәстүрге айналдырмақ. Солардың ішінде «Балалар қиялындағы Қазақстан» атты  республикалық шығармашылық байқау өткізіп, Ең үздік сурет номинациясында жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттау, байқауға қатысқан барлық балалардың суреттері енгізілген кітап шығару да бар. Қордың мұрындық болуымен Алматы қаласы және Алматы  облысы бойынша балаларға арналған спорт алаңдары  салынып, әр түрлі жастағы балалар игілігіне берілмек. Бұл алаңдарда жасөспірімдер білікті бапкерлердің көмегімен  спорттың  жан-жақты түрлерімен тегін айналысу мүмкіндігіне ие болмақ.  Алдағы уақытта мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге арналған мекемелер салу, сондай-ақ, жас таланттарды қолдау мақсатында Қор қазақ тіліндегі өлеңдер жинағын шығаруды жоспарлап отыр.