You are here

Балалар спорт алаңы

Қор қызметінің қолдуымен Алматы қаласы Тастақ-1 ықшам ауданында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт алаңы қоданысқа берілді. Бүгінгі таңда бұл -  ықшам аудандағы жүздеген бүлдіршіндер мен мектеп оқушыларының сүйіп демалатын, әрі футбол, волейбол, баскетбол  сынды спорт түрлерімен шұғылданатын орны. Жалпы Қор жоспарында балалар алыс –жақын аудандарда спорт алаңдарын салуды игі дәстүрге айналдыру үрдісі де бар. Алдағы жылдары Қор Алматы облысының Қарасай ауданында тегін спорт алаңын салуды жоспарлап отыр. Бұл жасөспірімдерді әуесқой спорт түрлеріне баулып, әрі бос уақытын ұтымды өткізу мақсатында қолға алынған игі бастама.