You are here

Ана мен бала денсаулығын қорғау

Қор қызметінің басым бағыттарының бірі – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әр жылдардағы Қазақстан халқына жіберілген жолдауларына сәйкес - ана мен баланың денсаулығын нығайту мен сақтауға бағытталған   іс-шараларды жүзеге асыру.

«Қазақстан -2030», 1997 жыл.
... Ана мен баланың денсаулығы мемлекетіміздің, денсаулық сақтау мекемелерінің, әрі қоғамның басты назарында болуы тиіс...

«ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ- ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ –ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ», 2010 жыл:
...2020 жылға қарай ана мен бала өлімін екі есеге қысқартып, жалпы өлім санын  30% дейін азайту...
...Бұл бастапқы мақсат және біз оған міндетті түрде қол жеткізуіміз қажет!....

«БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ!»,  2011
...Қазақстанда халықтың мақсатты топтарының денсаулық жағ­дайын бақылаудың ұлттық бағ­дарламалары кешенін енгізу қажет.
...Бірінші кезекте, олар балалар, жас­өспірімдер, бала туу жасындағы әйел­дер...

Осы міндеттерді орындау нәти­же­сінде 2015 жылға қарай қазақ­стан­дықтардың өмір жасының күтілетін ұзақтығы 70 жасқа дейін, ал 2020 жыл­ға қарай 72 жасқа дейін  ұлғая­тын болады.
Елбасы жолдауларында аталып өткен осы тапсырмалар аясында Қорымыз  Алматы қаласында көпбейінді балалар емханасын салуды қолға алып отыр.