You are here

Басшылық

Ерболат Болатұлы Қасымов

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» бағдарламасын қолдау қоғамдық қорының Президенті.

 

1977 жылдың 10 ақпанында Алматы облысы, Қаскелең қаласында дүниеге келген. Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.

Жоғары білімді, үш мамандықты меңгерген.

Алғашқы мамандығы – заңгер, ІІМ академиясын тәмамдаған. Кейінгі білімін Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінде экономист мамандығы бойынша жалғастырған. Сонымен қоса, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық Университеттен мемлекеттік және жергілікті басқару саласы бойынша білімін жетілдірген.

Қызметтік жолын 1999 жылы ҚР ІІМ ішкі істер бөлімінен бастаған.

2000-2008 жж. аралығында  «Құқық және нарық» академиясында бөлім бастығы қызметінен бастап, әкімшілік-құқықтық кадрлар жөніндегі проректор қызметіне дейін жоғарылаған.

Кейін үш жыл бойы Манаш компаниясында бас директордың бірінші орынбасары болып еңбек еткен.

2011 жылы Нур Отан партиясының жоғарғы партиялық мектебін тәмамдап, Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша партиялық бақылау комиссиясын басқарып келеді және «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы бойынша жемқорлықпен күрес қоғамдық кеңесінің мүшесі.